Мемлекет басшысы Душанбе қаласына ресми сапармен барды

Ертең Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды. 

Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады. 

Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.