«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов ағалық ақылын айтты, – деп жазады Аikyn.kz. Бұл туралы оның Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Ол жас қақпашыға журналистер мен телебағдарламалардан уақытша бойын аулақ ұстауға кеңес берді.
– Аға буынның өкілі ретінде оған айтарым, Шерханға БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатпа! Түрлі бағдарламалар мен сұхбаттардан бас тартуға кеңес бердім. Ол әлі жас, алдымен өзін толық қалыптастыруы керек, – деді Самат Смақов.
Бапкер мысал ретінде белгілі футболшы Еркебұлан Сейдахметтің жағдайын айтып, оның Уфаға» ауысқан кезде барлық назар сонда болғанын тілге тиек етті.
– Оның әрбір әрекеті, тіпті тұрмыстық ұсақ-түйегі де жаңалыққа айналды. Соның салдарынан жас ойыншының дамуына кедергі келтірді. Сондықтан Шерханның асықпай, тыныш еңбектенгенін қалаймын, – деді ол.