Атырауда полицей формасын киген ер адам дәрігерлермен жанжалдасты

Атырау қаласында тұрғындар бірнеше уақыт бойы заңсыз жерде тұрған Toyota Highlander көлігін байқап, ішінде екі адамның қозғалмай отырғанын көрген. Полицей формасындағы ер адамның ұзақ уақыт қимылсыз отырғанын байқаған тұрғындар оны «есінен танып қалған» деген үреймен жедел жәрдем шақырған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері көлік жүргізушісінің мас күйде екенін анықтады. 29 жастағы ер адам бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Сонымен қатар оның полиция қызметкері еместігі белгілі болды.

Құқық қорғау органдары бұл азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы («Формалы және арнайы киімді заңсыз кию») бойынша хаттама толтырды. ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның мас күйде көлік басқаруы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданды.

 Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы