Мемлекет басшысы Кипр президенті Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан Президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.