Алаяқтардан айла артылар емес. Олар туған күніңізді біліп алып, сізге хабарласады. "Сізге сыйлық бар, мекенжайыңызды айтыңызшы" деп сенімге кіріп, өздеріне қажет деректі білуге тырысады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әңгіме арасында жеке мәліметтерді айтуды талап етеді. Егер ақпаратты беріп қойсаңыз, банк картаңыздағы ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Есіңізде болсын:
Жеке мәліметтеріңізді ешкімге жария етпеңіз;
карта нөмірі, CVV-код, бірреттік код – құпия ақпарат;
"курьер" немесе "банк қызметкері" деп хабарласқандарға сенбеңіз. Ресми нөмірге өзіңіз қоңырау шалып, анық-қанығын біліңіз;
бейтаныс адамға ақша аудармаңыз;
күмән туындаса, дереу банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз.
Егер абайсызда алаяқтарға алданып қалсаңыз – ең бірінші картаңызды бұғаттап, банкке хабарласыңыз. Артынша дереу полицияға қоңырау шалыңыз, – деп ескертеді полиция.
Бұл туралы жақындарыңызға, әсіресе ата-ана мен ата-әжелеріңізге ескертіңіз. Көп жағдайда адамдар құпия ақпаратты өздері айтып қояды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.