Жасанды интеллект саласындағы ғылым мен технологияны дамыту және елімізді жаһандық ғылыми-техникалық кеңістікке интеграциялау мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жасанды интеллект» апталығы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Апталықтың ресми ашылуында Физика-математика факультеті «Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» іс-шарасын ұйымдастырды. Одан кейін «Білім берудегі жасанды интеллект» тақырыбында семинар өтті. Оған білім ордасының профессор-оқытушылары, магистранттары, студенттері қатысты.
Семинар барысында информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушылары А.Есейқызы мен Г.Кастеева баяндама жасап, жасанды интеллектінің білім беру саласындағы рөліне тоқталды. Іс-шара соңында «Жасанды интеллект адамды алмастыра ала ма?» тақырыбында қызу пікірталас болды.