Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. 

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.