Талғарда жоғалып кеткен егде жастағы ер адамның мәйіті табылды

Бұл туралы еріктілер тобы Lider.kz әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Талғар қаласында қыркүйек айында із-түзсіз кеткен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы еріктілер тобы Lider.kz әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

1986 жылы туған Карлов Станислав Анатольевич 13 қыркүйек күні таңғы сағат алты шамасында Талғар қаласы Ломоносов көшесі, 20-шы мекенжайда орналасқан үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Еріктілер оның жоғалғаны туралы хабарламаны жариялап, тұрғындардан көмек сұраған еді. Бірақ ол өлі күйінде табылды.

Марқұмның ерекше белгілері: бойы 170–175 сантиметр шамасында, арық денелі, қара шашты, қысқа сақал-мұрт қойған.

Қазіргі уақытта ер адамның өліміне байланысты мән-жайлар анықталып жатыр.