Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Орал қаласында болған жағдай туралы баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Түнде Орал қаласында «112» қызметіне бір қыз хабарласып, Ақан сері көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өзі бірнеше адаммен бірге лифт ішінде қалып қойғанын айтты", – делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағы арнаулы лифт кілтін пайдаланып, есікті ашқан. 6 мен 7-қабаттың арасында тұрып қалған лифттен бес ересек адам және 2025 жылы туған сәби шығарылды.