Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Құрмет» орденімен:
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Айдос Сұлтанғали;
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Нұрқожа Қайпанов;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы Камал Гаджимагомедов марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі:
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Асылжан Есенгелдіге;
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағынауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаевқа берілді.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғысы:
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушысы Юрий Мельниченкоға жарияланды.