Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр

Оқиға Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылында тіркеліп отыр.

Ауылда бірнеше ірі қара мал қырылып қалды.

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың мәліметінше, ауылда 14 бас ірі қара мал қырылған. Жергілікті тұрғындар малдың өліміне мұнай қалдықтары себеп болуы мүмкін деп болжайды. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

– Қазір қажетті сынамалар зертханаларға жіберілді. Зерттеу нәтижелері шыққан соң нақты себептер жарияланады, – деп түсіндірді Амангелді Саламат.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.