Жапонияда жүйріктер бақ сынады

Токио астанасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты мәресіне жетті.

ҰОК мәліметінше, дүбірлі додада ел намысын бес спортшы қорғағанымен, жүлдеге іліне алмады. 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруге қатысқан Нора Джеруто 6-орын алса, Дейзи Джепкемей 27-орынға тұрақтады. 10 мың метрге жүгіруден Джепкемей 16-орын алды. Полина Репина 35 шақырым спорттық жүрісте аламанға қосылғанымен, жарысты аяқтай алмады. 20 шақырым спорттық жүріс кезінде Ясмина Тоқсанбаева 23-орынға табан тіреді. 

Айбике ЖАНАСЫЛ