2 жастағы бүлдіршін балабақша көлігінде ажал құшты

Ушоктепа махалласында орналасқан жеке балабақшада екі жасар қыз бала қайтыс болған.

Қайғылы оқиға Өзбекстанның Қашқадария облысының Қасанды ауданында орын алған. Қарши қалалық сотының қылмыстық істері бойынша бұл іс 31 жастағы балабақша меңгерушісіне қатысты қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz UzNews.uz жариялаған ақпарат пен сот үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, әйел тәрбиеленушілерді үйінен мекемеге және кері апарған, жүргізуші куәлігі болмаған. Сотта айыпталушы таңертең жеті баланы бақшаға әкелгенін айтты. Сол күні балалардың тізімін алып отырған тәрбиеші жұмыста болмаған. Балалар шулағандықтан, ол алаңдап, барлық балалардың көліктен шыққанын тексермеген. Шамамен 13:00-де айыпталушы балаларды ұйықтатқаннан кейін, ол бір баланың жоқ екенін байқайды. Осы кезде оның жұбайы келіп, көліктің кілтін сұраған. Кейінірек ер адам қызды көліктің артқы орнынан тапқан. Сот әйелді Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 116-бабының 3-бөлігінде (Кәсіптік міндеттерін дұрыс орындамау, абайсызда адамның өліміне алып келген) қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танып, жазасын түзету колониясында 3 жыл бас бостандығынан айыру түрінде тағайындады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.