Синоптиктер Қазақстанда үсік ұрып, дауыл тұратыны туралы ескертті

Бүгін еліміздің көптеген өңірлерінде найзағай, дауыл болады.

Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескертуді Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Найзағай, дауыл: Астана, Шымкент, сондай-ақ Жамбыл, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды және Ұлытау облыстары.

Шаңды дауыл: Түркістан және Қызылорда облыстары.

Тұман: Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Жетісу және Қостанай облыстары.

1 градусқа дейін үсік: Шығыс Қазақстан және Абай облыстары.

Елдің көптеген облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.