ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 16 сағат 25 минутта жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.