Салықтық әлеуетті анықтайды

Қаржы министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жаңа цифрлық жобаларды әзірледі. Жоба Электронды қаржы орталығында таныстырылған. Соның ішінде, Қазақстанның 20 млн тұрғыны туралы деректер базасы бар.

Жобалардың бірі – Smart Data Finance жүйесі. 70-тен астам дереккөз бен база мәлі­меттерін біріктірген жүйе іске қосылды. Бұл жүйе әрбір салық төлеушінің цифрлық құжатын жасайды. Ол құжатта мүлік, бизнес, салықтар, мемлекеттік сатып алуларға қатысу, қолдау шаралары және кадрлық көр­сет­кіштер туралы ақпарат бар.

Бұған дейін 1,9 млн жеке кәсіпкерге, 584 мың заңды тұл­ғаға, 20,4 млн азаматқа құжат­тама жасалған. Министрліктің мәліметінше, осы деректер негізінде салық автоматты түр­де есептеліп, уақытылы төленуі қадағаланады. Сондай-ақ бюд­жет кірістерін болжау, салалар мен өңірлердің салықтық әле­уетін анықтау мүмкіндігі бар.