Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали алтын медальға бір қадам қалды

60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті.

Сұлтанғали белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 8:2

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.