Ақтөбе облысы бойынша Өрлеу филиалының аға оқытушысы, «Құрмет» бастауыш партия ұйымының мүшесі Гүлнара Абулхайрова педагогтерге Жолдауда айтылған айтылған білім беру жүйесін жетілдіру, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қатысты негізгі бағыттармен таныстырып, олардың маңызына тоқталды.
«Мемлекет басшысы мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама мен оқу материалын әзірлеуді тапсырды. Бұл – уақыт талабы. Соған сай мұғалімдер де жаңа технологияларды меңгеруге дайын деп есептеймін. Алдағы уақытта педагогтардың цифрлық сауатын арттыру, жасанды интеллект технологиясын меңгеру жұмысы қолға алынады», – деді ол.
Жиында сонымен қатар білім беру саласындағы жаңашылдықтарды енгізу, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және оқушылардың заманауи дағдысын қалыптастыруға қатысты жаңа мүмкіндіктер де тілге тиек етілді. Қатысушылар Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда білім беру қауымдастығының рөлі зор екенін атап өтті.
Елнар ЕЛТАЙ