Атырауда Бибігүл Шпанованы азаптап өлтірген қылмыскер өмірінің соңына дейін түрмеде отырады

Ол NCOC мұнай компаниясының 46 жастағы менеджері Бибігүл Шпанованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арман Жетпісовке үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол NCOC мұнай компаниясының 46 жастағы менеджері Бибігүл Шпанованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Тергеу деректеріне сүйенсек, 38 жастағы Атырау тұрғыны Арман Жетпісов бұрын сотталған, тұрақты жұмысы болмаған. Ол өзін жөндеуші шебер ретінде таныстырып, марқұм тұрған «Француз ықшамауданы» тұрғын үй кешенінде ұсақ жұмыстар атқарған.

Бірақ Шпанова тапсырған жұмыстың ақшасын алдын ала алып алса да, атқармаған. Жөндеу үшін төленген ақшаны қайтару туралы талаптан кейін Жетпісов әйелдің үйіне барып, бірнеше пышақ жарақатын салған. Сондай-ақ  марқұмды зорлап, мүлкін, телефонын, кілтін және автокөлігін алып кеткен. Кейін жол апатына түсіп, Маңғыстау облысында ұсталған. Қолға түскен кезде күдіктілер марқұмның заттары табылған.

Сотталушының кінәсі бейнебақылау жазбалары мен өзге де айғақтар арқылы дәлелденді. Ол қасақана кісі өлтіргенін  мойындады.

Үкімге сәйкес, Арман Жетпісов ерекше тәртіптегі түзеу мекемесінде өмір бойына жазасын өтейді.

Баян Жанұзақова