Есірткімен ұсталған рэп-орындаушы Qarakesek (Амантай Омаров) бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол жақында Ақтөбеде өткен фестивальде көзге түскен. Рэпер ұйымдастырушыларды қолдауға келгенімен, оны сахнаға шығармаған. Кешігіп қалдың деген желеумен әншіні тіпті ішке де кіргізбепті.
Qaraqesek-ке қатысты есірткі сақтау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс әкімшілік іске ауыстырылды. Енді ол сотты күтуде, оған 160 АЕК-ке дейін (629 120 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.