Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Сырым Исабаев журналист Аман Тасығанға сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі жүргізушінің «Қазір айнаның алдына келгенде кімді көресіз?» деген сұрағына жауап берді.
«Айнаның алдына келгенде төрт ұлымның әкесін көремін. Сол төрт ұлыма қамқор болатын, мұра қалдыратын азаматты көремін. Сосын өзіме «Жақсы әке болайыншы, ел сыйлайтын азамат болайыншы, қолымнан келгенше жақсылық істейінші» деп сөз беремін», – дейді әнші.
Өнер иесі өмірде өзіңнен асып түсетін ұрпақ тәрбиелеу маңызды дүние екенін атап өтті.
«Атам текті кісі болған. Ол кісіден әкеме дарыды. Енді өзіміз атағымызды пайдаланып, жақсы қырымыздан көрінгіміз келеді. Қолымыздан ән айту келгеннен кейін кейінгі ұрпаққа жақсы әнді, мағыналы сөзді жеткізсек деймін», – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.