«250 мыңға дейін»: «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер қашан сатылатыны белгілі болды

«Қайрат» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады.

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" футбол клубтары арасындағы Чемпиондар лигасының билеті туралы ресми ақпарат шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қайрат» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады.

Билеттер 23.09.2025 жылы сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір адамға екі билеттен артық берілмейді. Билет бағасы 30 000-250 000 теңге аралығында болады.