Астаналықтар әлем чемпиондарын салтанатты түрде қарсы алды. «Таңшолпан» тілшісі әуежайдан тікелей эфирге қосылып, спортшылармен тілдесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Командалық есепте бірінші орынға талас болғандықтан, үлкен жауапкершілікпен шықтым. Ағайым да қыздырынып жатқан кезде бұл жекпе-жекке ең соңғы ұрысқа бара жатқандай шық деп айтты. Жігер берді. Мен де рингке эмоциямен шығып кеттім. Тек қана ұту керек деген ой болды», – дейді боксшы А.Оралбай.
Айта кеткен жөн, бокстан әлем чемпионатында спортшыларымыз алтын медаль саны бойынша Өзбекстан құрамасымен 6:6 тең нәтиже көрсетті. Бірақ Айбек Оралбай финалда өзбек спортшысы Жахонгир Зокировты жеңіп, 7-алтынға қол жеткізді.