Еркін күрестен әлем чемпионаты: Камиль Куруглиев қола медаль үшін күреседі

Оның қарсыласы ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпей болмақ.

Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесуінде Куруглиев италиялық Бенджамин Хонисті 4:3 есебімен ұтты.

Осылайша, отандасымыз қола медаль үшін күреседі. Оның қарсыласы ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпей болмақ.