Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов (70 кг) 2025 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Жартылай финалда ол Моңғолия өкілі Тумур-Очирын Тулгамен кездесіп, 2:5 есебімен ұтылды.
Финалда моңғол балуаны жапондық Йосиносукэ Аоягимен кездеседі. Өткен жылы Аояги де финалға шыққанымен, шешуші белдесуде Қайпановтан жеңілген болатын.