«Екі шарт бар»: Трамп Ресейге қарсы қатаң санкция енгізуге дайын екенін айтты

Трамптың айтуынша, кейбір мемлекеттердің ресейлік мұнайды сатып алуы НАТО-ның келіссөздегі позициясын әлсіретіп отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы ауыр санкциялар салуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда ол бұл қадамды екі шарт орындалған жағдайда ғана жүзеге асыратынын айтты:

  1. Барлық НАТО елдері бірлесіп, дәл сондай санкциялар енгізуі тиіс.

  2. НАТО елдері Ресей мұнайын сатып алуды толық тоқтатуы керек.

Трамптың айтуынша, кейбір мемлекеттердің ресейлік мұнайды сатып алуы НАТО-ның келіссөздегі позициясын әлсіретіп отыр.

«Мен әрекет етуге дайынмын. Ал сіздер дайын болғанда, айта салыңыздар», – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар Трамп НАТО-ға Қытайға қарсы 50-100% көлемінде тариф енгізуді де ұсынды.