Шымкентте алабай иттің кесірінен жолаушылар рейске кешіккен

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ шамамен бір сағатқа кешіккен. Бұған себеп – алабай тұқымды итті багаж бөліміне тиеу кезіндегі қиындықтар болған.

Шымкент – Стамбул бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсі күтпеген оқиғаға байланысты кешігіп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ шамамен бір сағатқа кешіккен. Бұған себеп алабай тұқымды итті багаж бөліміне тиеу кезіндегі қиындықтар болған.

Бірақ нағыз шу Түркияға қонған соң басталды. Жолаушылардың чемодандарын бірнеше сағат бойы бермеген. Көмекке дипломатиялық қызмет пен полицияны шақыруға тура келген. Себебі жолаушылардың сөзінше, алабай ит қорабын жыртып шығып, әуежай қызметкерлерін багажға жолатпай қойған.

Оқиғаға қатысты әуе компаниясы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары «бұл рейстің басты жолаушысы – сол алабай болды» деп қалжыңдауда.