Көмір өндіретін кәсіпорын ірі көлемдегі салық төлеуден жалтарған

2025 жылғы 13 маусымда Қылмыстық кодекстің 245-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қарағанды облысының прокуратурасы ірі көмір өндіруші кәсіпорынның салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2025 жылғы 13 маусымда Қылмыстық кодекстің 245-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тексеру барысында кәсіпорын үлестес тұлғаны бейрезидент ретінде пайдаланып, өзара есеп айырысуларда салық мөлшерлемесін 1,95 млрд теңгеге төмендеткені белгілі болды.

Тергеу нәтижесі бойынша кәсіпорын директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Залал толық көлемде өтелуіне байланысты іс ҚР  ҚК-нің 245-бабы   ескертпесіне сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.