Ерекше жандарға – ерекше мейірім

2022 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қарағанды облысында жалпы құны 23,9 млрд теңге болатын 33 жобаны жүзеге асырды.

Бастамалар білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қолдау салаларын қамтиды. Солардың ішінде ерекше басымдық білім саласына берілген. Бүгінде өңірде осы бағытта тоғыз жоба жұмыс істеп тұр.

Маңызды жобалардың бірі – «Білім-инновация» лицейлерінің тәжіри­бесін Қарағанды, Саран, Шахтинск, Те­мір­тау қалалары мен Абай және Қарқаралы ау­дандарының мектептеріне енгізу. Бұл бағ­­дарлама 86 мектепті қамтып отыр. Се­рік­­тес ұйым – халықаралық «Білім-иннова­ция» қоғамдық қоры.

Білім беру жобаларының тағы бір маңызды бағыты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау.

Қарағанды облысында он арнайы мек­теп қамтылған. Мысалы, Теміртаудағы №5 мек­теп-интернатта футбол, волейбол, бас­кет­бол алаңдары, воркаут аймағы және жат­тығу құралдары бар заманауи спорт инф­рақұрылымы салынды.

– Бізде тек Теміртау емес, Қарағанды мен Бұқар жырау ауданынан да балалар оқи­ды. Жаңа спорт алаңдары олардың оқу про­цесіне үлкен серпін берді, – дейді мек­теп директоры Динара Смаилова.

Дефектолог-мұғалім Оксана Малахова­ның айтуынша, тұрақты жаттығулар бала­лар­дың зейіні мен көңіл-күйіне оң ықпал ету­де. Мектеп-интернатта 140 бала оқиды, олар­дың ішінде сөйлеу қабілетінде ауыр бұ­зы­лыстары мен жеңіл деңгейдегі ақыл-ой ке­містігі бар балалар бар. Қордың қол­дауы­мен мұнда психолог кабинеті, сен­сор­лық жә­не логопед бөлмелері ашылып, за­манауи түзету жабдықтары орна­тыл­ды. Сонымен қа­тар бастауыш сыныптарға жа­ра­тылыстану пәндері бойынша шағын зерт­ханалар сатып алын­ды. Бұл балалардың оқу сапасын арт­тырып, ынтасын күшейтіп отыр.

Қор балалардың техникалық және шы­ғар­машылық әлеуетін дамытуға да басым­дық беруде. Сонымен қатар Теміртаудағы ба­­лалардың техникалық шығармашылық мек­тебі жаңғыртылып, балалар тех­но­пар­кін­де он үйірме қайта жабдықталды. Олар­дың қатарында Кеме үлгілеу спорты клубы, Автомодельдеу клубы және «Жасыл мектеп» бар. Сонымен бірге төрт жаңа ба­ғыт ашыл­ды: телестудия, кеме үлгілеу зерт­­ханасы, жа­сан­ды интеллект пен ро­бо­тотехника не­гіз­дері және ақпараттық пен VR-тех­но­ло­гия­лар зертханасы. 240-тан ас­там бала 3D-модельдеу, бағдарламалау, ро­бо­то­тех­ни­ка және кеме үлгілеумен айна­лысуға мүм­кін­дік алды.

Бұл мектепте де ерекше балаларға ерек­­ше қамқорлық көрсетілуде.

– Бұған дейін мұғалімдер 80-жыл­дар­дағы жаб­дықпен жұмыс істесе де, осы орта­лықтан ха­лықаралық байқаулардың жеңімпаздары шық­қан. Біз бұл бастама­лар­ды қолдауды жөн көрдік. Сол себепті Те­мір­таудағы бала­лар технопаркін жаңғыр­ту еліміз бойынша пилоттық жобаға айнал­ды. Қазірдің өзінде оның оң шешім болға­нын көріп отырмыз, алдағы уақытта тә­жі­ри­бені басқа да ұйым­дарда таратуды жос­пар­лап отырмыз, – дейді Білім, мәдениет жә­не спорт саласындағы бағ­дарламалар мен жобаларды басқару ор­та­лығының аға жоба менеджері Зәуре Бай­ме­нова.

Кеме үлгілеу үйірмесі технопарктің мақ­танышы саналады. Ол өңірге көптеген чемпион тәрбиелеп шығарған. Үйір­ме түлектері республикалық қана емес, ха­лықаралық жарыстарда да жеңіске жет­кен. Солардың бірі – қосымша білім беру пе­дагогы, осы мектептің түлегі әрі ке­ме үл­гі­леу спорты бойынша әлем чем­пио­ны Сергей Оконечников.

– Жабдықтарымыз жылдар бойы жаңар­­­тылмаған еді. Керегін кейде өзім сатып ала­тынмын. Енді балалар заманауи жаб­дық­пен жұмыс істеп, сапалы құралдар пай­далана алады. Ерекше мақтанышымыз – кеме сы­науға арналған жабық бассейн. Бұл тіпті, ең жас спортшыларға ыңғайлы әрі жыл бойы жат­тығу жасауға мүмкіндік береді, – дейді ол.

Ал ауылдық жерлердегі тірек мектеп­тер­ді дамыту бағдарламасы аясында Саран қа­ласындағы Абай атындағы жалпы білім бе­ре­тін мектептің материалдық-техника­лық базасы толықтай дерлік жаңар­тылды.

– Біздің мектепте 22 оқу кабинеті бар. Олар­дың барлығы заманауи жабдықтармен, жиһазбен және дидактикалық материал­дармен толық қамтамасыз етілді. STEM-зертхана, робототехника кабинеті, теле және арт-студия ашылды. Сондай-ақ акт залы мен спорт залы, еңбекке баулу ка­би­нет­тері, психологиялық және логопедтік қол­дау бөлмелері қайта жабдықталды. Жаңа жабдықтардың келуі білім сапасын айтарлықтай арттырды. Оқушылар бай­қауларда жүлделі орындар ала бастады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығу­шы­лық­тары өсті. Сонымен қатар бастауыш сы­ныптарда жағдай жақсарды: ыңғайлы оқу орындары жасақталып, шахмат үйір­месі мен тележурналистика студиясы ашыл­ды, – дейді мектеп директоры Гүлден Серікова. 

Қарағанды облысының денсаулық сақ­тау саласында қоғамдық «Қазақстан хал­қына» қоры 12 миллиард теңге сомасына 14 қайырымдылық жобаны жүзеге асырып жа­тыр. Негізгі назар заманауи медицина­лық көмекке ең көп қажеттілік сезілетін ба­ғыттарға аударылған.

Қордың жобалары балалар денсау­лы­ғына да қатысты. Облыстық балалар кли­ни­калық ауруханасында екі бағыт жұмыс іс­тейді. Біріншісі – ерте араласу орталық­та­рын дамыту, олар 3 жасқа дейінгі бала­лар­дың дамудағы бұзылыстарын анықтауға жә­не түзетуге көмектеседі. Жоба аясында 15 түрлі оңалту жабдығы алынды, жыл сайын 600 бала мен олардың отбасыларын қамту жоспарлануда.

Екінші жоба – «Оңалту орталықтары», бір жарымнан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалтуды көздейді.

Аурухана директоры Арғын Бидайбаев қор­дың қолдауымен қосымша бөлімшелер ашы­лып, оңалту орталығы құрылғанын атап өтті.

– Оңалту барлық балаларға қажет, әсі­ресе дамудағы бұзылыстары бар балаларға. Енді біз оларға кешенді көмек көрсете ала­­мыз. Күн сайын 50-ден 90 балаға дейін ем алады, – дейді директор. – Сондай-ақ қор нейрохирургия бөлімін ашуға көмек­тес­ті, онда 65 миллион теңге құны бар жаб­­дық орнатылды. Бұл жоғары техноло­гия­лық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді, ал одан кейін балалар біздің орта­лықта оңалту процедурасынан өтеді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы