Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын медальсіз аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақта ширек финалға дейін жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, Нұрбек Оралбай 1/4 финалда Жавохир Уматалиевтен (Өзбекстан) жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан бокстан алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге ілінді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.