Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының президентін қарсы алды

Содан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.