Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Косово елінің өкілі Башким Байокумен өзара мықтыны анықтады.
Махмұд алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреп, нокаутқа жіберді. Осылайша мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.