Бейбарыс Жексен бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті

Ол 1/8 финалда үндістандық Сачинмен кездесті.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбарыс Жексен Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/8 финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Ол 1/8 финалда үндістандық Сачинмен кездесті. 

ҚР ҰОК мәліметінше, Бейбарыс гонг үні естіле салысымен қарсыласын тығырыққа тіреді. Екінші раундта да отандасымыз басымдығын сақтап қалды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін) ширек финалға жолдама алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.