Гүлсая Ержан бокстан әлем біріншілігінің ширек финалына өтті

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында литвалық Ивета Лесинцкитемен кездесті.

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Гүлсая Ержан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ивета Лесинцкитемен (Литва) кездесті.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Гүлсая Ержан үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті суырып алды. Қорытынды есеп: 3-2.