Ресей Украинаға бұрын-соңды болмаған әуе шабуылын жасады – 823 зымыран мен дрон қолданылған

Қазіргі уақытта шабуыл салдары мен зардаптары нақты анықталу үстінде.

7 қыркүйек күні түнде Ресей армиясы Украинаға рекордтық көлемде әуе шабуылын жасады. Бұл туралы Украина Қарулы күштері Әуе күштері қолбасшылығының коммуникация басқармасының бастығы Юрий Игнат мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz  

Оның айтуынша, шабуылға пайдаланылған барлық зымырандар  жерүсті кешендерінен атылған. Шабуылдан ең көп зардап шеккен аймақтар  Одесса, Киев, Днепропетров және Запорожье облыстары.

"Қазірдің өзінде 54 дронның тікелей соққысы тіркелді. Сонымен қатар  кейбір ұшқышсыз аппараттар атып түсірілгеннен кейін құлап, зардап келтірген жағдайлар да болды",  – деді Игнат.

Сондай-ақ ол 9 зымыранның тікелей тигені расталғанын айтты.

"Бұл түн өте ауыр болды. Қазір әлемдік медиалар тағы бір антирекорд туралы жазатын болады. Барлығы 823 әуе шабуыл құралы қолданылғаны – Украина үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш", – деп толықтырды Игнат.

 

Қазіргі уақытта шабуыл салдары мен зардаптары нақты анықталу үстінде.