Карина Ибрагимова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Панагиота Кузилумен (Грекия) кездесті.
Қазақстандық боксшы тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Аида Әбікеева әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.