Мемлекет басшысы Қытайдағы әскери парадты тамашалады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Ал бұған дейін Астанадағы әскери-тарихи музейде Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісі мен екінші дүниежүзілік антифашистік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлттық тәуелсіздік пен әлемдегі бейбітшілік үшін» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өткен еді.