«Бөліп төлесе, басқа баға»: агенттік басшысы несиеге қосылатын үстемеақы жайлы айтты

Осы жөнінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова өзі жетекшілік ететін агенттік тауар бағасын белгілемейтінін ескертті, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

"Мәселен, қарыз алушы тауарды қолма-қол ақшаға алғанда және бөліп төлеумен алса, қанша қосымша үстемеақы қосылатынын нақты білуі тиіс. Яғни, тауарды қолма-қол ақшаға алса бір баға, ал бөліп төлеуге алса басқа баға болу керек. Сатып алушы несие рәсімдеген кезде тауар құнына қандай үстемеақы қосылатынын білуі қажет", – деді агенттік басшысы Парламенттің бірлескен отырысының кулуарында.