Алматыдан 319 шақырым жерде жер сілкінді

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" сейсмикалық стансалар желісі 2 қыркүйек күні, сағат 12:58-де Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: 40.782 º С. Е. 78.865 º ш. б. Тереңдігі – 5 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3. MPV магнитудасы – 5.7.

Алматы қаласында жер сілкінісінің күші (MSK-64 шкаласы бойынша) 2 балл болып сезілді.