Ауғанстанның шығысында магнитудасы 6.0 болатын жер сілкінісінен 800-ден астам адам қаза тауып, шамамен 2800 адам жарақат алды,– деп Ауғанстанның үкіметі хабарлады.
Бұған дейін 600-ден астам адам қаза тапқаны және 1500-ден астамы жараланғаны айтылған еді. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі құрбандар саны әлі де айтарлықтай өсуі мүмкін екенін ескертті.
Ведомство мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы орналасқан Кунар провинциясы қатты зардап шеккен. Бірақ қаза тапқандар мен жараланғандар туралы нақты деректер әзірге жоқ, себебі өңірде мобильді байланыс жұмысы бұзылған, ал кейбір аудандарға бару қиындап отыр.
Reuters агенттігі таратқан билік өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, құтқарушылар қазір жер сілкінісі мен су тасқыны жиі қайталанып тұратын шалғай ауылдарға жетуге тырысып жатыр. Әрбір ауылдағы құрбандар саны ондаған адамға жетуі мүмкін.