«Алматы-Ақтау» жолаушылар ұшағы шұғыл қонды

Жолаушылардың айтуынша, әуе кемесі көтеріле бастағанда әлдебір дыбыстар шығып, биікке жеткенде ол үдей түскен.

Алматыдан Ақтауға шыққан ұшақтан техникалық ақау шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Аikyn.kz  Қазақстан телеарнасына  сілтеме жасап.

Жолаушылардың айтуынша, әуе кемесі көтеріле бастағанда әлдебір дыбыстар шығып, биікке жеткенде ол үдей түскен. Араға 40 минут салып, экипаж мүшелері ұшақтың Ақтаудағы әуежайға қонатынын хабарлаған. Әуедегі бағытты онлайн режимде көрсететін FlightRadar сервисінде ұшақтың әуежайға қонбай тұрып бірнеше рет айналғаны көрінеді. Эйр Астана компаниясы техникалық ақаудың болғанын растады. Айтуларынша, оның себебі анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.