"Қайрат – Реал Мадрид" ойынын кім жүргізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Блогер Артур Асқарұлы "Қайрат – Реал Мадрид" футбол матчының комментаторы болатынын жазып, қуана жеткізді.
“Арманым орындалды. Матчты мен жүргізетін болдым”, – деді блогер желіде.
Айта кетейік, матчтың нақты кестесі 30 тамызда анықталады. Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің ойындары 16 қыркүйектен 28 қаңтарға дейін өтеді. “Қайраттың” қарсыластары – мадридтік “Реал Мадрид”, белгиялық “Брюгге”, грециялық "Олимпиакос" және кипрлық "Пафос" командалары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.