Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айта кетейік, Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды. Мемлекет басшысының сапары Бейжіңде жалғасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.