Теннисші Александр Бублик US Open турнирінің 1/8 финалына шықты

Отандасымыз үшінші айналымда америкалық Томми Полдан басым түсті.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің төртінші кезеңіне өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Теннис федерациясының  мәліметінше, отандасымыз үшінші айналымда америкалық Томми Полдан басым түсті.

Кездесу 7:6 (7:5), 6:7 (4:7), 6:3, 6:7 (5:7), 6:1 есебімен аяқталды.

Ойын 3 сағат 40 минутқа созылды. Бублик 21 эйс жасап, 12 қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

1/8 финалда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы – италиялық Янник Синнермен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.