Ислам Чесноков пен Ғалымжан Кенжебек еуропалық клубқа ауыса ма?

Скауттар алдағы ұлттық құрама матчтарында екі футболшының ойынын жіті бақылайды.

Шотландияның «Хартс» клубының скауттары ұлттық құраманың алдағы матчтарында қазақстандық футболшылар – Ислам Чесноков пен Ғалымжан Кенжебектің ойынын бақылауға келеді. Бұл туралы Offside.kz порталы хабарлады.

  • Ислам Чесноков – 25 жастағы «Тобылдың» көшбасшысы. Дереккөздің хабарлауынша, оның «Хартсқа» ауысуы іс жүзінде шешілген, трансфер қысқы маусымда жүзеге асуы мүмкін.
  • Ғалымжан Кенжебек – 19 жастағы «Елімай» жас жұлдызы. Қазір скауттар ойыншының әлеуетін зерттеу үстінде.

Клуб өкілдері бұл ойыншыларды әлемдік деңгейдегі қарсыластарға қарсы ресми матчтарда сынап көруді маңызды деп санайды.

Али Алиев шәкірттері алдағы екі ойында аталған футболшыларға үміт артады:

  • 4 қыркүйек – Қазақстан – Уэльс (Астана);
  • 7 қыркүйек – Бельгия – Қазақстан (сырт алаңда).

Бұл кездесулер 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Айта кетейік, маусымның алғашқы төрт турында жақсы нәтиже көрсеткен «Хартс» Шотландия Премьер-лигасының көшін бастап тұр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.