Ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украин боксшысы Александр Усик қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. Жарияланған видеода атақты спортшы Қазақстанды қолдап, жылы лебіздер білдірді.
Қазақстанда Конституция күні жыл сайын 30 тамызда аталып өтеді. Бұл күні еліміздің негізгі заңы қабылданып, мемлекеттік тәуелсіздіктің құқықтық негізі бекітілген.