Барлық қазақстандықтарды прокуратура органдарының және өз атымнан Конституция күнімен – ортақ принциптер мен міндеттер төңірегінде бізді біріктіретін Ата заңымыздың мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сондай-ақ Конституцияның мерейтойына орай елімізде конституционализмнің дамуына үлес қосқан барлық мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерді, ғалымдар мен практиктерді ерекше атап өткім келеді. Олар еліміздің басты Заңын әзірлеуге, қабылдауға және 2022 жылғы реформасына атсалысты.
Сондай-ақ конституциялық бақылау органында еңбек еткен және қазір де қызмет етіп жүрген барлық әріптестердің еңбегі бағалы. Әр шаңырақта береке-бірлік, амандық пен татулық орнасын! Елімізге тұрақтылық пен гүлдену тілеймін!
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.