Федерация президенті танымал боксшыға су жаңа көлік сыйлады

Болат Жұмаділов Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп елге танымал былғары қолғап шебері Болат Жұмаділовке су жаңа көлік сыйлады, – деп хабарлайды Аikyn.kz  Alash.kz-ке  сілтеме жасап.

Қуанышты жаңалықты спорт журналисі Аслан Қаженов жеткізді:

"Даңқты боксшымыз Болат Жұмаділовке Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп су жаңа көлік сыйлады. Темір тұлпардың кілтін оның көмекшісі Абзал Тұңғышбаев әкеліп табыстады. Құтты болсын!", – деп жазды Аслан Қаженов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.