«262 500 теңге»: студенттерге төленетін стипендия өсті

Вице-министрдің сөзінше, 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері едәуір өскен.

Қазақстанда студенттердің стипендиясы 2020 жылдан бері екі есе ұлғайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Вице-министрдің сөзінше, 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері едәуір өскен. 1 қыркүйектен бастап студенттер мынадай мөлшерде стипендия алады:

бакалаврлар – 52 372 теңге,

педагогикалық мамандық студенттері – 84 000 теңге,

магистранттар – 117 098 теңге

докторанттар – 262 500 теңге.