Танымал блогер, әзілкеш Елдос Кәдірхановтың әйелі көптен күткен жаңалығын жолдасына жеткізген сәтін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Сәбилі болатынын білген блогер көз жасына ерік берген. Олар бұл қуанышты он жыл күткен.
Жақында жаңалығын көпшілікке жеткізіп, gender party жасаған еді.
“Ең қатты күткен жаңалықты Елдостың естігендегі алғашқы эмоциясы! Аллаға шүкір, армандар орындалады! Елдоcқа жылауық деп «прикол» ұстамаңыздар», – деп жазды әзілкештің жары.
Желі қолданушылары оларға бақыт тілеп, тілегін жазып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.